Жаңалықтар

El.kz ақпарат агенттігіне 11 жыл толды

El.kz ақпарат агенттігіне 11 жыл толды
Фото: © El.kz 01.11.2023 11:33 607

Бүгінде El.kz ақпарат агенттігі еліміздегі 10 үздік порталдың тізіміне кіреді.

2022 жылдың мамыр айында El.kz порталы жаңалықтар сайты форматына көшті. El.kz – Қазақстан мен әлемдегі жаңалықтарды тәулік бойы бірінші болып жариялайтын ақпараттық ресурс. Бізді күн сайын Қазақстан мен ТМД елдерінен 100 мыңнан астам оқырман оқиды.

Жоғары нәтижеге қол жеткізудің бірден бір себебі – сайттың жаңалықтарды үш тілде жариялауы: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Бұл El.kz сайтының еліміздегі басқа жаңалықтар порталдарынан ерекшелігін көрсетеді.  

El.kz ақпарат агенттігінде жаңалықтар мен мақалалар ғана емес, сонымен қатар бейнежобалар, олардың ішінде портреттік және аналитикалық сұхбаттар, подкасттар, шолулар, әлеуметтік желілерге арналған бейнероликтер бар.

Портал конвергентті журналистикаға ерекше назар аударады, материал тек мәтін түрінде ғана емес, сонымен қатар фотосуреттер, бейнелер, инфографика және анимация түрінде салынады. 

Ақпараттық форматқа ауысқаннан кейін сайт өз аудиториясын жоғалтпай, керісінше, дәстүрлі жаңалықтарды саясат пен әлеуметтанудан бастап, мәдениет пен ұлтаралық бірлікке дейінгі әртүрлі тақырыптардағы көлемді авторлық материалдармен үйлестіре отырып, кеңейткенін атап өткен жөн.

El.kz ақпарат агенттігінің барлық әлеуметтік желіде парақшалары бар. Портал YouTube-тегі арнасына да көп көңіл бөледі. Оның ресми арнасында 184 мың жазылушы бар. Биыл YouTube парақшамыздағы оқырмандар саны 100 мыңға толған кезде YouTube-тің күміс батырмасын алды. El.kz – Qazqontent компаниясында күміс батырманы алған бірінші портал.

Facebook-те 34 мың, Instagram желісінде: elkz_portal – 10 мың және el.kz – 4 мың оқырманы бар. TikTok желісіндегі парақшамызға 27 мыңға жуық адам жазылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға