Жаңалықтар

Еліміздің ақпараттық агенттіктеріндегі фоторепортаж

Фоторепартаж жанрының ерекшеліктері
Еліміздің ақпараттық агенттіктеріндегі фоторепортаж
23.09.2017 11:12 2021

Kazinform.kz ақпараттық агенттігінің сайтына кірген бойда қаптаған материалдарға көз сүрінеді. Бұл – келіп түскен ақпаратты жедел түрде оқырманға жеткізу үшін күні-түні жұмыс жасайтын бірден-бір мекеме. Сондықтан да, ондағы ақпараттар легі өте тәжірибелі, сауатты әрі жылдам таратылған болып есептеледі. Өзге сайттар секілді емес, бұл  агенттіктегі фоторепортаждарды бастапқы беттен-ақ байқай аласың. Тәжірибелі, сауатты әрі сәтті түсірілген суреттер бірден көздің жауын алады. Оның үстіне, фоторепортажы бар материалдың тақырыбына «фото» деген сөзді қыстырып қояды. Бұл оның оқырманды тартуға әсерін тигізеді. 

Аты айтып тұрғандай «Ақпараттық агенттік» болағандықтан, материалдардың түгелін дерлік ақпараттық мақалалалар қамтиды. Яғни, кез-келген іс-шара, кеш, концерт, тосын оқиға немесе қарапайым жиын секілді айтулы оқиғаларды әуелгі болып осы ақпараттық агенттік жариялайды. Сондай-ақ, сайттың құрамында «Фотосайт» деп аталатын қосымша бөлім бар. Онда фоторепортажға сыймай қалған суреттер немесе белгілі бір іс-шарадан түсірілген суреттердің жиынтығы құралған. Бұл арқылы кез-келген оқырман өзі қатысқан немесе өзін қызықтырған іс-шарадағы барлық суреттерге шолу жасап, қарай алады. Ондағы архивте шек жоқ. Сайттың алғашқы ашылу кезеңінен бастап қазіргі күнге дейінгі барлық түсірілген суреттер түгелімен қамтылған.

Ал материалдардағы нақты фоторепортаждарға келсек, сайтта жарияланған 3 материалдың екеуінде дәл оқиғаға қатысты өз суреті болады. Яғни, іс-шарадан немесен орын алған оқыс оқиғадан жедел түсірілген суреттерді – фоторепортаж деп атай аламыз. Әрине, кейбірінде бір немесе екі суретпен шектелсе, кейбірі 50, тіпті 100 суретке дейін жариялай береді. Мәселен, ағымдағы жылдың 21 маусымында жарияланған «Қызылордада «Сыр сақшылары-2015» мерекелік іс-шарасы өтті» атты мақалада 18 жол ақпарат беріп, әрі қарай суреттерді сөйлеткен. Қызылордадағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мерекелік іс-шарадан 7 суреттік фоторепортаж жасалған. Суреттердің барлығы дерлік сапалы, кадрлар да сәтті шыққан. Ракурстан да жаңылмаған.

ҚазАқпарат ақпараттық агенттігі сайтында сонымен қатар, «Билік және саясат», «Экономика», «Қоғам», «Астана», «Аймақ», «Ықпалдастық», «Әлем», «Елдің басты жобалары» бөлімдері бар. Қайсы бөлімді шолып қарамасаң да, барлығында бір стильді материалдар. Яғни, ақпараттық мақалалалар. Мұны мен «Егемен Қазақстан» газетінің стиліне ұқсаттым. Алайда, сайтта жарияланған барлық материалдарда фотфорепортаж қолданылмаған. Кейбір мақалалардың мазмұнын ашу үшін және оқырманды еліктіріп тарту үшін ғаламтордан алынған арнайы суреттер мен фотошоп арқылы жасалған тақырыпқа байланысты графикалар пайдаланылады.

Тағы да айта кететін жайт, бұл сайт Қазақстандағы ең алғаш құрылған ақпараттық агенттік болғандықтан, ондағы материалдардың барлығы да жауаптылыққа, сауаттылыққа құрылады. Сондай-ақ, сайттың тағы да бір бөлімі бар. Ол – «Мен репортермін» деп аталады. Онда кез-келген оқырман өзін журнлалист ретінде сезініп, қалаған тақырыбында ақпараттық мақала өткізіп жібере алады. Мұнда салынғалы жатырған фото, видео, текст және автордың жеке мәліметі енгізілуі тиіс.

«Қазақстан баспасөз клубы» ақпараттық агенттігіндегі фоторепортаж. BAQ.KZ ақпараттық порталы мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың қараша айында құрылған.

Мақсаты - интернет желісінде қазақ тілді БАҚ-тың ықпалын күшейту және барлық қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарына бір ғана сілтемемен қол жеткізуге мүмкіндік беретін ортақ алаң құру, қазақ тіліндегі контенттің көлемі мен сапасын, қазақтілді оқырманның белсенділігін арттыру. Порталдағы 20 айдарда күнделікті әлемдегі және Қазақстандағы жаңалықтар ұсынылады.

«Baq.kz» ақпараттық агенттігінің электрондық сілтемесіне кірген сәттен бастап заманауи үрдіске сәйкес, көз тартарлық логотиптер мен басты беттегі текст шрифттерінің көрнекілігі қатты әсер етеді. Мұндай көрнекілікті – оқырманның жүрегіне жол табудың төте жолы деп түсіну қажет.

Аталмыш агенттік – өзге ақпараттық агенттіктер секілді емес, керісінше фотоархивке көп көңіл бөледі. Ақпараттық агенттіктің негізгі мақсаты – оқырманған неғұрлым жылдым, сауатты әрі ең маңыздысы ұғынықты етіп ақпарат жеткізу болғанымен, бақ.кз-тің оқырманға берер өз фоторепортаждары бар. Көпшілік жағдайда көлемді материалдар мен қалың жасалған фоторепортаждар мұндай сферада көп кездесе бермейді. Сол себепті, ақпараттық агенттіктерде «Фоторепортаж» немесе «Фото баған» деп аталатын арнайы бөлімдері болмай жатады. Ал аталмыш сайттың «Фото» деп аталатын өз бөлімі бар. Олай болса, «Baq.kz» ақпараттық агенттігіндегі фоторепортаждар мынадай жағдайларды жарияланады:

«Фото» деп аталатын бөлімде фоторепортаждардың түр-түрі бар. Көпшілігі – оқиға орнынан түсірілген фоторепортаждар. Әрқайсысының көлемі әр қилы. Бір қызығы, аталған ақпараттық агенттік сайты – суреттердің сапалы, әрі тартымды шығуына қатты мән беретін секілді. Мұны суреттердің тәжірибелі авторлардың қолынан шыққандығынан-ақ байқай аламыз.

Айта кететін ақпарат, мұнда көпшілік жағдайда оқиғаға берілетін ақпараттың орнына тек тақырыпша рөл ойнайды. Яғни, тақырып, ал оның астында белгілі көлемде суреттер болады. Ал тақырыптың өзі – іс-шараның қашан және қайда өткендігін ашық айтып беруі тиіс. Сонда ғана фоторепортаж жанры өз орнымен сақаталады.

Сайтта жарияланған көптеген фоторепортаждар бар. Алайда, оның барлығын суреттерімен тізіп бере алмау себебінен, негізге алған фоторепортаждардың тақырыптарымен таныстырып өтейін. Мәселен, «Астана арланс» - WSB жобасының екі дүркін чемпионы, «Астаналық түлектерге «Алтын белгі» табысталды», «ШҚО-да журналистер арасындағы Спартакиада өз мәресіне жетті», ««Қазконтент» АҚ кубогы үшін БАҚ арасында асық ату турнирінің жеңімпаздары анықталды», «ҚР Қарулы күштерінде әлемдік спорт чемпиондары әскери ант қабылдады», «Астанада «Әскери керней» фестивалі басталды», «Абылай хан заманына саяхат», «Сенің дауысың – сенің болашағың» атты постерлер байқауы өз мәресіне жетті, «Аустралияның ашық біріншілігінен фоторепортаж», «Діни басқарма насихат жұмыстарына басым бағыт беруде» секілді фоторепортаж жиынтығы шаш етектен.

Ең қызығы, сайтқа сонымен қатар «Арнайы фоторепортаж» жасалатын кездері де болады екен. Мысалы, 2014 жылдың қараша айында жарияланған «Арнайы фоторепортаж: Қазақ хандығының 550 жылдығын қалай атап өтеміз?» деп аталатын мақалада осындай қызыққа тап болдым. Сондай-ақ, «Арнайы фоторепортаж: Астана ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтуде», «Арнайы фоторепортаж: Экспо қалашығының құрылысы таныстырылды» атты материалдармен таныстым. Мұндай арнайы фоторепортаждарға негізінен Нұрсерік Жолбарыс, Айнұр Ракишева және Ғабит Мадалиев секілді журналистер жауапты екен.

Бұл сайттан әсер ететін дүниелер өте көп. Маған ең қатты әсер еткені – ақпараттық агенттіктің негативті материалдарды аз беріп, позитивті мақалаларды көптеп беруі – сайттың гүлденуіне орайын тигізген секілді. Суреттің сапасы, оны түсірудегі шеберлік және орын-орнымен пайдалана білудің өзі – фоторепортердің қырбаттылығын білдірсе керек.

«Baq.kz» ақпараттық агенттік болып аталғанымен, сайт өзінде ақпараттық портал саналады. Сол себепті, мультимедиялық материалдар, сонымен қатар, блог жазбалар, жаңалықтар легі өте көп. Сапа мен дизайнға қатты мән беретін бұл агенттіктің заманамен де, оқырмандармен де байланысы бекем деп айтуға болады.

Ақпараттық агенттіктің мұнан бөлек, «Экономика», «Мәдениет», «Саясат», «Асыл қазына», «Жаһан қазақтары», «Саңлақтар» деп аталатын арнаулы бөлімдері бар.

Спорттық жарыстар. Кез-келген спорт түрінен фоторепортаж жасау оңайға соқпайды. Неғұрлым қатысушылар көп болса, соғұрлым әрқайсысына жете назар аударып, сәтті кадрды ұстап алу өте қиын. Мұнымен салыстырғанда, екі адамның жекелей сайысқа түсуін түсіру әлдеқайда жеңіл. Мәселен, гимнастика, тау шаңғысы, ат үстіндегі жүріс т.б. Мұнда назарды тек бір спортшыға аударады, ал бұл түсірілім кезінде жақсы кадрдың туындауына септік бола алады.

Спорт тақырыбындағы фоторепортаждардың негізгі ерекшелігі, оператордың алдағы уақытта не әрекетке тап болатынын бағамдай алмауында, және бұған арнайы дайындықта болуында. Егер де сіз осы мамандықпен түбегейлі айналысуды шешсеңіз, онда сіз фотоаппараттың функциясына мән беріңіз. Сонымен қатар, тек түсірілім жылдамдығы емес, кадр серияларының ұзақтығы және сыймдылығы секілді параметрлері де роль ойнайды. Түсірілім серияларының жылдамдығын қамтамасыз ететін , алайда тек бір мегапиксельге рұқсат етілген фотоаппараттар модельдері кездеседі. Мұндай көрсеткіш – көлемі 10х15 см болатын баспаға да жарамайды. 

Спорт жарыстарындағы түсірілімнің келесі маңызды ерекшелігі – автофокустың жылдамдығы. Бұл параметр – әдетте техникалық мінездемелерде көрсетілмейді, сол себепті де оның сапасын камераны қолға алып тексеруге тура келеді. Сонымен бірге, көпшілік жағдайда модельдің жоғары жылдамдықта автофокусировка жасауына жарық әсер ететіндігін ескеру қажет, ал жарық мөлшері азайған сәтте мұның әсері төмендейді.

Фоторепортаж тақырыптары сан түрлі болуы мүмкін: іскерлік сурет, ғылым, техника, мәдениет, өнер және спорт. Тіпті, қарапайым туған күн кеші де фоторепортаж жасауға жақсы тақырып бола алады. Мұндай суреттерді екіге бөліп қарастырамыз: оқиғалы және қарапайым репортаж.

Репортажды түсірілімнің бар ерекшелігі – оның шындықты ашып жеткізуінде, шынайылығында. Мұны көбіне папарация өкілдері әйгілі адамдарды ыңғайсыз кейіпті түсіріп, интернетке шығаруды әдетке айналдырып алған.

Фоторепортаж – бұл артық сөздің араласуынсыз тек фотосурет арқылы аталмыш оқиғаны баяндап беретін жанр түрі.  Оның қанат жайып, кеңінен етек алғанына көп болды.

Және «Репортаж» сөзі - екінші мағынаға ие бола алады, яғни бұл оқиғадағы түсірілім  Есть у слова "репортаж" и второе значение - это метод съемки события без вмешательства в его естественное течение.

Аталмыш жанр болып жатқан құбылысты тереңінен зерттеп, оған анализ жүргізбейді.  Бұл қазақ ақындарының шынайы әні секілді «Не көріп тұрмын – соны айтамын» әдісіне келіңкірейді. Мұнда да әннің сәтті шығуы орындаушының құзырында болса, фоторепортаждың да сапасы авторға байланысты.  Егер де ақынның анау айтар дарыны немесе қабілеті болмаса, онда өлеңнің тартымдылығы да болмайды.

Стоп-кадр. Егер де сіздің суреттеріңізге өзіңізден бөлек, өзге де адамдар немесе басылымдар қызығушылық танытқанын қаласаңыз, онда ойластырылған фототарих, бір сөзбен айтқанда қызықты фоторепортаж жасауыңыз керек.

Репортажға қызығушылық білдіретін адамдар ортасы өте ауқымды. Жаяу, су аймағында және әсіресе автомобильді туризмнің түсірілім жасауда мүмкіндігі мол. Саяхат, іс-шара уақытында орын ауыстыру – репортаж үшін тамаша драматургиялық негіз бола алады. Фонның әсем табиғат аясында және көне архитектура алдында болуы – бақылаушы адамға сарқылмас, қызығы бітпес тақырып болуы мүмкін. Кез-келген репортаж – шынайы өмірдің бір үзігі, фотографтың оқиғаны призма арқылы көрсетуі. Сол себепті, материалдың түсірілімі негізгі схема бойынша орын алуы тиіс: оқиғаның басы, дамуы, кульминация және финал. Кішігірім фильмнің сценарийіне ұқсас.

Сондай-ақ, композия заңдылығын, кадр ретін және репортажды фрагмент пен кадрға бөлу жүйесін білген жөн.

1.Түсірілімде үлкен масштабтағы кадр болуы қажет, яғни жалпы план мен панорамалар, орта және үлкен көлемдегі пландар.

2. Әрбір, тіпті ұсақ репортаждың өзі тақырыпты ашуы тиіс. Көзге түскен және қызықты көрінген сәттердің барлығын нақты жүйесіз кезектеп түсіре беруге болмайды. Автордың жеткізбек болған ойы суретте айқын білінуі шарт. Егер де осы талаптар дұрыс жүзеге аспаса суреттер қызықсыз, әрі жалықтырарлық болып шығады. 

Фоторепортаж - бұл, ең әуелі автордың оқиғаны қалай түсініп, қалай жеткізуіне байланысты болады. Ал акценттің қойылуы және концентрация назары жеткізушінің өзіндік жүйесіне тиесілі. Бұл материал арнайы сол тілге ұғынықты аудиторияларға арналады. Талантты түсірілген «хроника» - көп жағдайда ықшамдылығы мен қысқа білдіру қызметін сақтай отырып, бір немесе бірнеше суреттің көмегімен қажетті ақпаратты білдіріп, художествалы суреттің ерекшелігін құрайды. Қойылыммен, арнайы дайындықпен түсірілген ешбір сурет көрерменге ерекше әсер бере алмайды

Оқиғаға жедел түрде пайым жасап, түсірілім нүктесін дәл анықтай білетін, көзі жатық, техникамен жақсы қарым-қатынас жасай алатын адам ғана – табысты, тәжірибелі фоторепортер бола алады.

Мейрамдарда жасалатын фоторепортаж. Үстел басындағы отырысты жоғарғы беттен, яғни үстелдің үстіне шығып түсіркен абзалырақ. Мұндай жағдайда көрініс жақсы көрінеді, оның үстіне кадрға адамдардың сыю мөлшері де жоғарылайды. Мұндай кадрда бірінші планда адамдардың қолдары көрінуі мүмкін, маңыздысы – жарық мөлшерін шамадан тыс қолданбау.

Тағы да ескеріп кететін жайт, аталмыш композицияда екінші және үшінші пландағы кадрлар да үлкен рөлге ие. Олар мағынаны жеткізу жағынан жоғары белсенді және пассивті болуы мүмкін. Мәселен, объективке тіке қарап тұрған адамның суреті. Репортажды түсірілімде кадрға, объективке түсіп қалу мақсатында қасақана әрекет етіп отырған адамдардан мейлінше аулақ болған дұрыс. Егер де оқиғағағ қатысушы адамның объективке қарап тұрған суретін алар болсақ, онда бұл суреттер фотографтың орны білінері сөзсіз. Дәл осындай жағдайларға тап болмас үшін камера жасырын, ешкімнің көзіне түспеуі керек. Және неғұрлым фотограф сәтті тығылып түсіре білсе, соғұрлым сурет те сәтті шықпақ.

Концерт түсірілімдері. Концерт түсірілімі – фоторепортаждың ең қиын түрлерінің бірі. Ондағы ерекшелік – сапалы суреттерді талап етуінде. Ал көп жағдайда ғимарат іші мен фотоаппарат деңгейі сәйкес келе бермейді. Сондықтан, жақсы құрал-жабдық – әң әуелгі маңыздылыққа жатады. Әсіресе, оптиканың жарық деңгейі маңызды: концерт барысында жарқылмен (вспышка) түсіру – сахналық жарықтың бұзылуына әкеп соғады, сонымен қоса атмосфера деңгейі де көңіл көншітерлік болмасы анық. Көпшілік жағдайда, концерттің безендірілуіне түтінді қолданып жатады. Ал түтіндегі жарқыл қандай?Мұндай кезде әлбетте, кадр ұсқынсыз болмақ. Матрицаның эквивалентті сезімталдығына мұндай стильдегі түсірілімдердің әсері басым болады.  

Сондай-ақ, сандық камералардағы ақ түсті баланстың жақсы кадр тудыруда үлкен мәнге ие екендігін айта кеткен жөн. Сахнадағы жарық түсті суретте сақтай білу деген – іс-шара атмосферасындағы барлық реңкті жеткізу болып табылады. Мұндай деңгейдгі пленкаларда жұмыс жасау мүмкін емес.

Сымды және сымсыз түсірілім. Әдетте, сеңдей соғылысқан адамдар ішіндегі түсірілім кезінде барлығының басын біріктіретін әдемі сәтті табу және оны уақытылы суретке түсіріп алу өте қиынға соғады. Бұл жағдайда фотографқа қойылатын талап – мейлінше аңғарымпаздықты дамыту. Барлық пландағы кадрларды уысыңда ұстап, қажетті сәтті күтуің қажет. Бұл – документалды суреттердегі ең қиын әдісі болуы мүмкін, мұны үйренбеске болмайды. 

Кейде негізгі объект – автокөлік болған кезде мүмкіндігінше уақыт жағынан шыдамдылық танытып, өте дәл түсірген дұрыс. Мұның есебінен үлкен динамика пайда болып, композиция ұтады.

Сымды түсірілім – қозғалыстағы объекттің бұрыштық және оның оптикалық бейнесіне сәйкестендіріліп құрылады. Қозғалыстағы объектті нақтыланған кадр аумағында сақтай отырып, фотограф камераның әлгі объектке бұрылған сәтінде шүріппені басады.

Көпшілік жиналыс, конференцияларды 2-3 метр немесе одан да жоғары биіктіктен түсіру керек. Ал үзіліс кезінде іс-шараға қатысушы өкілдерді көз деңгейімен түсіруге болады, алайды назар аудартпаған жөн. Бұл кадрды тірі, шынайы әрі ешбір жасандылытың қатысуынсыз етіп шығарады.

Трибунаға шығып сөйлеген адамды төменгі бөліктен түсірмеу қажет, бұл оның бет-әлпетін құртуы әбден мүмкін. Дұрысы кадрды трибуна биіктігімен немесе қашықтықтан телеобъектив арқылы түсіруге болады.

Егер де сіздің фоторепортажыңыз баспа бетіне шығатын болса, майда детальдардың бұзылуынан сақтаныңыз.Себебі,мұндай жағдайда баспа аппараттары суретті үлкейтіп, майда детальдарға шашыратып тастайды. Нәтижесінде кейбір маңызды бөліктердің көрінбей қалу қаупі бар. Сондықтан да, газет басылымы үшін алдынан тікесінен түсірілген көлемді пландағы суреттер жарайды. Майда детальдар негізінен журнал немесе ғаламтор ресурстары үшін тиімдірек.

Аппаратураларды қолданудағы талаптар. Алдыңғы жолы айтқанымыздай, фоторепортаждың тарихи сәтті жеткізудегі рөлі орасан, және бұл ешқандай артық қимыл-әрекеттті қажет етпейді, бар болғаны кадрға түсіп қалған бір ғана сәтті жеткізуші. Алайда мұндай жанрдағы жұмыстың тиімділігі тек суретшінің шабытын қанағаттандыру емес, сонымен қатар, фототехника және түсірілім әдістерін тереңінен меңгеруге мүмкіндік беруінде. Әлбетте, аппаратураға деген талап – бұл жағдайда жоғары, бірақ оны екі сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес. Қысқасы, фотоаппарат түсірілім жағдайында ешқандай кедергіге ұшырамауы тиіс.

Күмәнсіз, репортажға арналған камера – жағдайдың ыңғайсыздығына қарамастан сапалы сурет тудыру қажет. Жарықтың жеткіліксіздігі, оның интенсивті мөлшері, кадрдағы жарықтың шамадан тыс артық болуы секілді кемшіліктерді болдыртпау – репортажды түсірілімнің қарапайым шарттарының бірі. Және де аппарат – осындай жұмыстарға арналып жасалуы қажет. Кәсіби фотграфтың жарық қателігіне қарамастан сапалы сурет тудыру мүмкіндігі мол. Мұндай жағда   йда ол оптиканың неше түрлі түріне еркін ауыстыра алады, сезімталдығына байланысты қабықшалардың мол диапазоны, экспозицияны жөндей алуымен ерекшеленеді. Сандық технологияларға көшкен сәтте, фотограф түрлі мүмкіндіктерге ие болады: мәселен, оперативтілік, материалдарды үнемдеудегі пайда және сапалы суреттерді сақтаудағы ыңғайлылық т.б. Осының бәрі суретші үшін өте маңызды. Себебі, бір секундтық есепте жүздеген кадр болуы мүмкін.

Репортажды түсірілім үшін үздіксіз функциямен түсіретін сандық камераға ие болу артық етпейді. Сондай-ақ, оперативті түсірілім үшін дальномер, жылдам әрекет етуші бекітпе және объективтердің бірнеше түрі қажет. Мұнымен қатар, жарыққа арналған фильтр, электронды фотовспышка, жеңіл штатив және экспонометрсіз де жұмыс жасау оңайға соқпайды.

Фоторепортаж  және оның ерекшеліктері. Фоторепортаж деген не? Бұл – оқиғадағы түсірілімге фотографтың өзі қатысып, сол іс-шарадағы жағдайды сурет арқылы жеткізу.

Бір жиналысқа байланысты бірнеше автордың түсірген суреттерінен міндетті түрде айырмашылық, әлдебір өзгешелік болады. Маңызды оқиғаға түсірілген суреттер – сол оқиғағаға қатысы бар адамдар үшін айрықша естелік. Өткен оқиғадан естен кетпес естелік қалдыру – фотографтың ең басты міндеті және өзгелерден ерекшеленер қасиеті бола алады.

Фоторепортаж – фототүсірілім жанрындағы ең қызықты, әрі тартымды жұмыс екендігін айта кеткен жөн. 

Қоғамда кез-келген, тіпті енді ғана фотоөнерге қадам басқан фотографтың өзі сапалы фоторепортаж жасай алады деген жалаң түсінік қалыптасқан. Алайда, расымен сапалы сурет алғыңыз келсе, онда тәуекел етудің қажеті жоқ. Бұл жағдайда – жұмыс туралы пікірді көптеп оқыған дұрыс! Оның үстіне, оқиғалар да әр түрлі болуы мүмкін. Жасыратыны жоқ, оқиғаға қатысушы адамдар да түрлі мінездерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, фототүсірілімде фотографтың аталмыш оқиғаны жеткізуде өзіндік стилі немесе пайымы болғаны дұрыс, тіпті мұны өте маңызды қасиеттерге жатқызуға болады. Дегенмен, кейбір процесте суреттердің жанры тапсырыс берушінің талғамына орай дайындалады.

Фоторепортаж – болып жатқан оқиғаны өзгеше, тиянақты әдіспен баяндауда үлкен рөлге ие. Қатысушыларды арнайы дайындықпен, назарын аудартып түсіру – фоторепортаждың мәнін жою деген сөз. Алайда, тұтқиылдан, адамды артқы бөлігінен түсіру де – абырой бермейді. Десекте, сыртқы бөліктен болып жатқан оқиғаға жете назар аударып-ақ, көптеген сәтті кадрларды тудыруға болады.

Қызықты фотрорепортажды тудыруда серіктестің көмегі зор. Әлбетте, мұнда серіктестің ойынға  машықтанғандығы маңызды. Өйткені, осы тараптан кез-келген тәжірибелі фотографтардың айырмашылығы білінеді.

Фототүсірілім жасаушы фотографтардың кейбір іс-шараларда көп болатын кездері болады. Мұндай жағдайда, өзге фотографтардан ерекшелену мақсатында өзгеше ракурстан түсірген жөн.

Суреттердің, яғни фотоаппараттардың пайда болу кезеңінен бастап айтарлықтай техникалық өзгерістер болмаған. Жарық – баяғыдай қалың линзасы бар объектив арқылы беріліп отырады. Бірақ, бәрібір де эволюция орын алған: қабықшалы аппараттардың орнына матрицалы ПЗС келді. Мұның айырмашылығы – сурет дайындалады, оқылады және сандық тасымалдаушыларға көшіріледі. Объективке тартпаның диафрагмасы мен трансфокатордың механизмі біріктірілген. Тартпа мұндай уақытта матрицаның жылдамдық өзгерісінен ауысып отырады. Экспонометрлердің жарық пен экспозицияға жауап беретін бір нүктелі және көп нүктелі түрлері болады. Жоғарыда аталған функциялардың барлығы суретшіге жақсы фоторепортаж сыйлай алады. Егер де сіздің дүниеңізді әлдебіреулер маңызды оқиға ретінде жадында сақтап қалсын десеңіз, сараңдық жасамай, тәжірибелі фотографтардың қызметімен таныс болыңыздар. 

Репортажды фотографтың қызметі не? Қоғам – тәжірибелі репортаждық түсірілім деп сандық камераны ұстап алып, бірнеше мәрте қатар түсіре беруді ойлайды.Шындығында, айрықша суреттерді дүниеге алып келу үшін шеберлік пен талант қажет. 

Фотографтың іс-шарадағы атқаратын жұмысы – нағыз өнер. Адам шүріппені баса отырып жақсы сурет шығаруы мүмкін. Дәл осындай әрекетпен кез-келген адам өзін жақсы репортер ретінде елестете алады. Макротүсірілім, сюжетке құрылған сурет, кейіпкерлерді автоматты түрде тану – мұның барлығын камераның өзі адамның қатысуынсыз орындай алады. Алайда, тәжірибелі түсірілімді тек әуесқой фотограф дәрежесінен асқан адам ғана жүзеге асырады. Репортаж – таланттан бөлек, арнайы білімді және қулықты көздейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға