Жаңалықтар

Еліміздің жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ©Pixabay.com 05.04.2024 05:16 440

«Қазгидромет» РМК 5 сәуірде Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Атырауда да түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында - тұман. Қостанайда да түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде - тұман. Петропавлда да түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, қатты жел тұрады деп болжанады. Найзағай кезінде оңтүстік-шығыстын соққан желдің 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнап, қатты жел тұрады. Найзағай кезінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі деп болжанады. Павлодарда да түнде және таңертең тұман түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға