Жаңалықтар

Еліміздің солтүстігі мен шығысында қар жауады

Еліміздің солтүстігі мен шығысында қар жауады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 27.05.2024 02:17 528

«Қазгидромет» РМК 27 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін.

Түнде Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде топырақ беті қатады, Түркістан облысының таулы аудандарында сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді деп күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда өңірінің шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады. Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға