Жаңалықтар

Еліміздің шығысында 1300-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Еліміздің шығысында 1300-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: © Polisia.kz 08.08.2023 16:33 472

Еліміздің шығысында демалыс күндері 1300-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция департаментінің мәліметінше, өткен демалыс күндері ғана қала мен облыстың 1300-ден астам тұрғыны құқық бұзушылық жасап, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқи отырыңыз:

6 тамыз күні сағат 02:45 шамасында Өскемен қаласының Жеңіс даңғылы бойында облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны Lada көлігін масаң күйде басқарған.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған баптың санкциясы он бес тәулікке әкімшілік қамауға алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Сонымен қатар 4 тамыз күні полиция қызметкерлері Өскемен қаласының Ярославль көшесін патрульдеу барысында 37 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Nissan maxima автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында тәртіп сақшылары одан алкогольдің өткір иісін сезген. Полицейлердің медициналық тексеруден өту туралы заңды талабынан жүргізуші бас тартқан.

Аталған құқық бұзушылық үшін жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 9-бөлігі (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Белгілі болғандай, ер адам 2019 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Көлік мамандырылған автотұраққа қойылып, жүргізуші жиырма бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға