Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 32,8% көбейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы сәуір айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 36 839 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша – 8 175 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 28 664 мәміле жасалды.
2025 жылдың наурызымен салыстырғанда (27 739) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 32,8% көбейді. Мәмілелер саны бойынша Астана (7 280 – 19,8%) және Алматы (7 020 – 19,1%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 862 – 7,8%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 454 мәміле (1,2%), - делінген мәліметте.
2025 жылдың наурызымен салыстырғанда сәуірде оң көрсеткіш еліміздің барлық өңірінде байқалды. Мәмілелер санының ең көп өсімі Жетісу (+54,9%), Ақмола (+42,8%) және Қызылорда (+41,9%) облыстарында тіркелді.
