Жаңалықтар

Еліміздің көптеген аумағы жауын-шашынсыз болады

Еліміздің көптеген аумағы жауын-шашынсыз болады
Фото: © El.kz 20.04.2024 10:39 334

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек түнде Қазақстанның шығысында аздаған жауын-шашын күтіледі, күндіз елдің батысында аздаған жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын сақталады, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай болады, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Қазақстан бойынша желдің күшейюі күтіледі, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға