Жаңалықтар

Еліміздің футзал жұлдызы Дәурен Нұрғожин карьерасын аяқтады

Еліміздің футзал жұлдызы Дәурен Нұрғожин карьерасын аяқтады
Фото: kff.kz 21.08.2023 07:32 556

Бірнеше жыл футзалдан Қарғандының «Тұлпары» мен Алматының «Қайраты» сапында және Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткен Дәурен Нұрғожин карьерасын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрғожин - EURO-2016 чемпионатының қола жүлдегері. Ал EURO-2018 және 2021 жылғы әлем чемпионатында төртінші орын алған. Ол – Қарағанды футзалының түлегі. Ел чемпионатында 2007 жылдан бері өнер көрсетті.

Алдымен «Тұлпар-Икар», сосын «Тұлпар» сапында ойнады. Қарағанды командасымен алты мәрте ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанған. Бір рет үшінші орын алған. Екі рет Қазақстан кубогында топ жарды. Сонымен қатар Суперкубокта жеңіске жеткен.

2015 жылы Алматының «Қайратына» ауысты. Содан бері 193 матчқа қатысып, 36 гол соққан. Ал ұлттық құрамада 75 матчта 18 голдың авторы атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға