Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан əйелдер құрамасы винтовкамен аинтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі туризм және спорт министлігіне сілтеме жасап.
Командалық сында Александра Ле, Елизавета Безрукова мен Арина Алтухова бақ сынады. Олардың нəтижесі 1754 ұпай. Үндістан құрамасы (1760 балл) топ жарса, үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді.
Осы бағдарламада қазақстандық мергендер арасында ең көп ұпай жинаған (589 ұпай) Александра 7-орынға тұрақтап, Ұлттық құрамаға Париж ойындарының жолдамасын сыйлады. Сондай-ақ Никита Чирюкин жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Олимпиада лицензиясына ие болды.
Қазір Ұлттық құрама еншісінде 5 жолдама болды. Оларды Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле мен Никита Чирюкин жеңіп алды.
Индонезия астанасындағы Азия чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады.
Еліміздің əйелдер құрамасы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Оқи отырыңыз
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары