Жаңалықтар

Еліміздің ең үлкен туы Алматы аспанында желбіреді

Тудың көлемі - 800 шаршы метр
Еліміздің ең үлкен туы  Алматы аспанында желбіреді
Фото: inform.kz 22.10.2022 15:40 2053

Кәсіби парашютші Олег Тощев ұшақтан парашютпен секіру кезінде көлемі 800 шаршы метр болатын Қазақстанның ең үлкен туын әуеде ашты. Ол еліміздің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Республика күніне арналған «Ашық аспан» акциясы Іле Алатауы таулары аясында, Алматы облысының аумағында өтті.

«Тудың көлемі - 800 шаршы метр. Бұл ту Астананың басты флагштогында (450 шаршы метр) орнатылған тудан екі есе үлкен. Ол өте қысқа мерзімде - екі апта ішінде осы бірегей оқиға үшін арнайы жасалды. Бұл іс-шара аспанда ашылған ҚР ең үлкен туы ретінде Қазақстанның рекордтар кітабына енеді. Секірудің биіктігі 3000 метрді құрайды. Бұл ең танымал Шымбұлақ тау шаңғысы курортының деңгейінен жоғары», - деді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Тілек Каналин.

Ұйымдастырушылар акцияның мақсаты қазақстандықтардың патриоттық рухын нығайту, сондай-ақ, этносқа қарамастан бір-біріне деген толерантты қатынасты сақтау екенін айтты.

«Ту - бәрімізді біріктіретін мемлекеттік рәміз, бұл біздің Тәуелсіздігіміздің символы. Біз өз туымызға құрметпен қарауды, мемлекетімізге деген патриоттық сезімді нығайтуды қалаймыз», - деп атап өтті Тілек Каналин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға