
Еліміздің екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
07.03.2025 20:33
1109
Фото: ©El.kz/Мария Рузматова
«ҚазАвтоЖол» Қазақстанның екі өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2025 жылғы 7 наурыз сағат 18:00-де ауа райының нашарлауына байланысты мына республикалық автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды:
Абай облысы:
«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 615-768-шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасы – Аягөз қ.);
«Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы» автожолының 0-75-шақырым аралығы (Таскескен а. – Үржар а.).
Жетісу облысы:
«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 615-768-шақырым аралығы (Үшарал қ. – Абай облысының шекарасы).
Жолды 2025 жылғы 8 наурыз сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
12 Маусым, 18:09
«Жоғалған бала. Жаураған ана. Үйі суға кеткен халық»: жастарды ерікті болуға не итермелейді
5 Маусым, 15:18
Рәміздер күні қалай аталып өтті?