Жаңалықтар

Еліміздің екі облысында жолдар жабылды

Еліміздің екі облысында жолдар жабылды
Фото: ҚазАвтоЖол 30.03.2024 22:01 1106

«ҚазАвтоЖол» республикалық авто жолдардағы қозғалысқа шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысы:

2024 жылғы 30 наурызда сағат 19:50-де Ақтөбе облысына қарай қозғалыстың жабылуына байланысты Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай авто жолының 234-545 шақырымында (Ақтөбе облысының шекарасы - Қостанай қ.) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

ШҚО:

2024 жылғы 30 наурызда сағат 20:00-де қар көшкініне байланысты көлік құралдарының барлық түріне тыйым мына жолдарда шектеу қойылды:

1. Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары тас жолының 6-166 шақырымы, Ушановское ауылы-Алтай қ. учаскесі.

2. Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары тас жолының 420-450 шақырымы, Берел ауылы-Рахман қайнары учаскесі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға