11 қаңтар сағат 20.00-дегі ақпаратқа сәйкес 2 облыста ауа-райының нашарлауына байланысты (көрінудің нашарлауы, көшкіннің өздігінен түсу қаупі) республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы облысында:
- "Көкпек-Кеген-Түп" тасжолының Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейінгі және "Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас" күре жолының Байсейіт ауылынан Шонжы ауылына дейінгі аралықтарында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінің өздігінен түсу қаупі орын алғандықтан
"Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахманов" тасжолында Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Автожолдарды қардан тазалау үшін 420 бірлік жол - пайдалану техникасы және 540-тан астам қызметкер жұмылдырылды.
Еліміздің екі облысында көлік қозғалысы уақытша шектелді
Оқи отырыңыз
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік