Жаңалықтар

Еліміздің бірқатар өңірлерінде 5,6 млрд. теңгеге жуық сомаға тарифтер төмендетілді

Еліміздің бірқатар өңірлерінде 5,6 млрд. теңгеге жуық сомаға тарифтер төмендетілді
Фото: © El.kz 23.10.2023 22:02 1209

ҰЭМ Табиғи монопо­лияларды реттеу коми­теті және оның аумақ­тық бөлімшелері табиғи монополиялар субъе­ктілерін тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, ТМС-тардың өзі­не алған инвестици­ялық міндеттемелерін орындамауын анықтау үшін іс-шаралар өткізілді. Еске салайық, 2022 жылдың қорытындысы бойынша коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мен дамытуға арнайы тарифтер бекітілген болатын.

​Жедел деректер бойын­ша, бүгінде еліміздің бірқатар өңірлерін­де 256 табиғи монопо­лия субъектісінің өз мі­ндеттемелерін орында­мағаны анықталды. Нәтижесінде жалпы сомасы шамамен 5,6 млрд. теңгеге уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

Реттелтін қызметтер бойынша ТМС өз міндеттемелерін орындамау сомалары мынадай:

жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау - 1,6 млрд. теңге, кейбір өңірл­ерде тарифтің төменд­еуі 7,4%-ға жетеді

сумен жабдықтау - 1,2 млрд.тең­ге, кей өңір­лерде тарифтің төмен­деуі 12,6%-ға жетеді

су бұру - 0,9 млрд.теңге, кейбір өңірлерде тарифтің төмендеуі 13,2%-ға жетеді

электр энергиясын беру және тарату - 0,45 млрд.теңг­е, кейбір өңірл­ерде тарифтің төменд­еуі орташа есеппен 10,5%-ға жетеді

газды газ тарату жүйелері арқылы тасы­малдау - 1,5 млрд.теңге, кей өңірлерде тарифтің төмендеуі 6,3%-ға жетеді және т.б.

​Осы бағытта жұмыс жа­лғасуда. Енгізілген өтемдік тарифтер бой­ынша соңғы ақпа­рат қосымша хабарлан­атын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға