Жаңалықтар

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 27.04.2023 21:20 545

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Маңғыстау облысы

28 сәуірде түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ақтау қ.: 28 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысы

28 сәуірде тәңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысы

28 сәуірде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында шығыстан жел соғады, екпіні 17-22, күндіз кей уақыттарда 28 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

28 сәуірде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 28 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.

Павлодар облысы

28 сәуірде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

28 сәуірде күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға