Жаңалықтар

Еліміздің бірқатар футбол клубына айыппұл салынды

Қазақстан футбол федерациясының отырысында бірқатар клубқа шара қолдану мәселесі көтерілді
Еліміздің бірқатар футбол клубына айыппұл салынды
Фото: Pixabay.com 09.04.2023 11:55 757

Қазақстан футбол федерациясы бірқатар клубқа айыппұл салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Bassport-қа сілтеме жасап.

Мысалы, премьер-лиганың 3-турында «Жетісу»-«Тобыл» матчында жанкүйерлері тәртіптік регламентті бұзып, белгілі бір адамдардың атын атап, айқайлап балағат айтқаны үшін «Жетісу» футбол клубына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 

Биылғы премьер-лига клубтары арасында футболдан Қазақстан чемпионатында ойын трансляциясын үзгені үшін, сондай-ақ матч кезінде пиротехникалық құралдарды пайдаланған көрермендерінің орынсыз қылығы үшін «Ақтөбе» ФК 100 АЕК айыппұл төлейтін болды.

«Елім-ай» және «Арысқа» екі ойыншысының матчтан аластатылғаны үшін, ал «Жеңіске» бес бірдей ойыншысының ескерту алуына байланысты 50 АЕК айыппұл салынды. 

Футзалдан Қазақстан чемпионатында «Каспийдің» жанкүйерлері «Рахмет» командасының қақпашысына бөгде заттар лақтырған. 

Осыған байланысты «Каспий» командасы 50 АЕК төлейді. Ал «Тұран» тәртіптік регламенттің 66-бабына сәйкес 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

Осы бапқа сәйкес 500 АЕК айыппұлды «Қызылжар» клубы да арқалады. 

Аталған клубтар тиісті соманы 6 мамырға дейін төлеуі тиіс. Сондай-ақ қауіпті дөрекі ойыны үшін «Елім-ай» командасының ойыншысы Нарби М. үш матчқа ойыннан шеттетіледі. Дисквалификация мерзімі 1 сәуірден бастап есептеледі. Қарсыласын гол соғу мүмкіндігінен айырғаны үшін «Арыс» командасының ойыншысы М. Сырбай да бір матчқа шеттетілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға