Жаңалықтар

Еліміздің бірнеше облысында автожолдар жабылды

Еліміздің бірнеше облысында автожолдар жабылды
Фото: ©El.kz/Жалгасбек ТОКТАМЫСОВ 14.02.2024 06:50 439

Кеше сағат 22:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 28 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі KazAvtoJol-ға сілтеме жасап. 

Белгілі болған жағдай бойынша бірнеше облыстарда жол жабылған. Оның ішінде:

Ақмола облысында - 4 учаске (227 км)

Ақтөбе облысында – 5 учаске (933 км)

Атырау облысында – 1 учаске (16 км)

Шығыс Қазақстан облысында – 2 учаске (180 км)

Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)

Қостанай облысында - 5 учаске (535 км)

Қызылорда облысында - 1 учаске (120 км)

Солтүстік Қазақстан облысында - 9 учаске (1036 км)

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 367 бірлік техника және 480 жолшы жұмылдырылғаны мәлім болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға