Жаңалықтар

Еліміздің бір өңірінде көмір бағасы бірден 71,5% өскен

Еліміздің бір өңірінде көмір бағасы бірден 71,5% өскен
Фото: ©AP/Petr David JOSEK 08.06.2023 10:40 709

Жалпы республика бойынша көмір бағасының жылдық өсімі 14% құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еnergyprom.kz мәліметінше, биылғы қаңтар-сәуір айларында ҚР-да көмір мен көмір концентратын қоса алғанда 39,7 млн тонна тас көмір өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4% аз.

Негізгі өндіруші өңірлер – Павлодар және Қарағанды облыстары: өндірілген барлық көлемінің 91,6% тең. Павлодар облысында өндіру көлемі 24,7 млн тоннаны (өткен жылмен салыстырғанда 2,4% артық), Қарағанды 11,6 млн тонна (9,8% аз).

Көмір өндіру 36,8 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,8% аз. Оның ішінде кокстелетін көмір 2,3 млн тонна, энергетикалық көмір 5 млн тонна болды. Қоңыр көмір (лигнит) өндіру 2,9% – 1,9 млн тоннаға дейін өссе, көмір концентратын өндіру, керісінше, 22,2%, яғни 1,1 млн тоннаға дейін қысқарды.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан 192,8 млн АҚШ долларына 7,1 млн тонна көмір экспорттады.

ТМД елдеріне 4,6 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,7% аз. Елімізден негізгі импорттаушы ел – Ресей: 4,1 млн тонна көмір, яғни 18,7% аз. Қазақстандық көмірді сатып алушылардың негізгі үштігінде Қырғызстан мен Өзбекстан да бар.

Әлемнің басқа елдеріне 2,5 миллион тонна көмір жөнелтілді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2% көп. Мұнда ҚР-дан көмірдің негізгі импорттаушысы Латвия болды – 781,9 мың тонна. Одан әрі Польша мен Эстония тұр: тиісінше 671 мың және 424 мың тонна.

ҚР ішіндегі жағдайға келетін болсақ, ағымдағы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша елімізде көмір бір жылда 13,5% қымбаттады.

Өңірлік бөліністе Ұлытау облысында баға қатты өскен: бірден 71,5%. Антилидерлердің бестігіне Түркістан (+28,8%), Қарағанды (25,4%), Ақтөбе (22,8%) және Солтүстік Қазақстан (21,6%) облыстары да енді.

Көмір бағасының өсуі төмен болған өңір – Ақмола облысы: 2,5%. Еліміздің 20 өңірінің ішінде тек Батыс Қазақстан облысында баға өткен жылдың деңгейінде қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға