Жаңалықтар

Еліміздің батысында «Бекіре-2023» балық қорғау акциясы басталды

Еліміздің батысында «Бекіре-2023» балық қорғау акциясы басталды
Фото: gov.kz 01.04.2023 13:18 1042

1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2023» ауқымды балық қорғау акциясы өтеді. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Бекіре» акциясы балықтардың уылдырық шашу кезеңінде олардың ресурстарын қорғау үшін күшейтілген іс-шара. Мақсаты - бекіре және басқа да балық түрлерін сақтау, оның көбеюіне оң әсерін тигізу.

Осы жылы негізгі күштер Каспий теңізінің жағалауы мен акваториясына және Атырау облысы шегіндегі Жайық және Қиғаш өзендерінің су айдындарында шоғырланады. Өйткені бұл жерлер браконьерлік фактілерінің көріністеріне неғұрлым бейім. «Бекіре» акциясы кезінде батыс үш облыстың аумағында табиғат қорғау іс-шараларына құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының 1 203 қызметкері тартылатын болады. Оның ішінде 822 қызметкер Атырау облысында. Бұл қызметкерлер 66 қайық және шағын жүзу құралдарымен, сонымен қатар 145 автокөлікпен қамтамасыз етіледі. Жайық өзенінің жағалауында балық аулау заңнамасының ықтимал бұзушылықтарын тіркейтін 17 бейнекамера орнатылып, жұмыс істейді. ҚР ҰҚК Шекара қызметі үш жағалаудағы радиолокациялық станцияны іске қосады,- деді А.Бахиянов.

Өткен жылдардағы балық қорғау акциясының нәтижелері көктемгі науқан кезеңінде браконьерлік топтардың қызметі жандана түскенін көрсетеді. Айталық, «Бекіре-2021» акциясы барысында Атырау облысының аумағында 952 заң бұзушылық анықталса, «Бекіре-2022» акциясында көрсеткіш 820 заң бұзушылыққа төмендеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға