Еліміздің алты облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды
![Еліміздің алты облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды Еліміздің алты облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды](/storage/storage/element/2024/04/05/mainphoto/97130/1200xauto_NUFSa5zsRgmsZphkyDj3KvYo42M2YaC4HzH4ufd4.jpg)
Фото: t.me/qazavtojol
Фото: t.me/qazavtojol
05.04.2024 09:38
392
«ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқынына байланысты бірқатар өңірде жолдар жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылғы 5 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3280 метр болатын су тасқыны болды.
Алты облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында (ұзындығы 398 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылған.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)