Жаңалықтар

Еліміздің 9 облысында жол жабылды

Еліміздің 9 облысында жол жабылды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Kandinsky 17.02.2024 18:17 696

17 ақпан сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 9 өңіріндегі 12 тас жолда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 177 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:

- «Омбы-Майқапшағай» - Қалбатау а.-Боғас а;

Алматы облысында (қар, ауа температурасының төмендеуі) жалпы ұзындығы 15 шақырым болатын 1 автомобиль жолында:

- «Алматау турбазасына кіреберіс аймақ»;

Шығыс Қазақстан облысында (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, қар көшкіні қаупі) жалпы ұзындығы 435 шақырымды құрайтын 3 автомобиль жолында:

- «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» Белоусовка к.-Риддер қ;

- «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары»;

- «Омбы-Майқапшағай» - Абай обл.шекарасы-Зайсан қ.-Үлкен Қаратал а.-ҚХР шекарасы;

Жамбыл облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 79 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:

- «Алматы-Ташкент-Термез» Алматы обл.шекарасы-Қайнар а., Кенен а.

Қозғалыс балама жол – ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

Жетісу облысында  (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында

- «Үшарал-Достық» Көктума б.-Достық б.

Қостанай облысында (Ұлытау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты) жалпы ұзындығы 83 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында

- «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау обл.шекарасы-Арқалық қ.

Маңғыстау облысында (қалың қар, бұрқасын мен шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 132 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолында:

- «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» - Жетібау а.-Ақтау қ.

-⁠ «Жетібай-Жаңаөзен-Түркіменстан шекарасы» Жетібай а.-Жаңаөзен қ.

Солтүстік Қазақстан облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 67 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында:

- «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омбы)» Кішкене көл-РФ шекарасы;

Ұлытау облысында (жел, бұрқасын, шектеулі көрініс) жалпы ұзындығы 115 шақырымды құрайтын 1 автомобиль жолында

- «Жезқазған-Петропавл» Ұлытау к.-Қостанай обл.шекарасы.

"ҚазАвтоЖол" мекемесінің хабарлауынша, қазіргі уақытта республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға 438 арнайы техника мен 850 қызметкер жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға