Жаңалықтар

Еліміздің 4 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 4 облысында тұман түсіп, жел соғады
Еліміздің 4 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: cpvm24.ru 22.01.2023 18:30 1613

22 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-қе жететін жел соғады.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, түнде және таңертең тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жел көтерілуі ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға