Жаңалықтар

Еліміздің 15 өңіріндегі сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды

Комиссия мүшелері бюллетендерді санауға кіріседі
Еліміздің 15 өңіріндегі сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды
Фото: El.kz 20.11.2022 20:00 1107

15 өңірде сайлау учаскелері жұмысын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысында – 475, Ақмола облысында- 717, Алматы облысында – 606, Шығыс Қазақстан облысында – 537, Жамбыл облысында – 493, Жетісу облысында – 447, Қарағанды облысында – 642, Қостанай облысында – 745, Павлодар облысында – 528, Солтүстік Қазақстан облысында – 640, Түркістан облысында – 919, Ұлытау облысында – 136, Астана қаласында – 406, Алматы қаласында - 600, Шымкент қаласында 311 сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты.

Енді учаскелерде комиссия мүшелері бюллетендерді санауға кіріседі.

Қазіргі уақытта Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру жалғасып жатыр.

Бұл өңірлерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де, астана уақытымен сағат 21.00-де аяқталады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға