Жаңалықтар

Еліміздің 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: © El.kz 09.11.2023 21:49 590

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 10 қараша күні Астанада және республиканың 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

10 қараша күні Астана және Ақтөбе облысында кей кездері тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстарында тұман түседі.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында көктайғақ болып, тұман түседі.

Маңғыстау облысында - шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз - басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау және Павлодар облыстарында батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын батысқа ауыстырады, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға