Жаңалықтар

Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: pixabay.com 14.10.2024 09:05 335

Синоптиктер 14 қазанда еліміздің 11 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде қар жауады, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында аздап жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең тауда тұман болады. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Шымкентте кей уақыттарда найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың таулы аудандарында 25 м/с дейін жетеді. Таразда күндіз қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Кей уақытта найзағай ойнайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға