Жаңалықтар

Еліміздің 11 облысында жолдар жабылды

Еліміздің 11 облысында жолдар жабылды
Фото: © Pixabay.com 08.02.2024 21:21 645

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 66 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, дееп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысында – 18 учаске

Ақтөбе облысында – 11 учаске

Алматы облысында – 1 учаске

Жетісу облысында – 1 учаске

Батыс Қазақстан облысында –  1 учаске

Қарағанды облысында – 9 учаске

Қостанай облысында – 9 учаске

Қызылорда облысында – 1 учаске

Павлодар облысында - 6 учаске

Солтүстік Қазақстан облысында – 6 учаске

Ұлытау облысында – 3 учаске

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 607 бірлік техника  және 1122 жолшы жұмылдырылды.

Шектеу енгізілген учаскелер туралы ақпаратты келесі сілтеме арқылы біле аласыздар: https://kz.qaj.kz/s/.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға