Жаңалықтар

Еліміздің 10 өңірінде өзен сулары тасуы мүмкін

Еліміздің 10 өңірінде өзен сулары тасуы мүмкін
Фото: obvk.kz 06.03.2023 13:55 1009
"Қазгидромет" РМК су тасқыны бойынша негізгі болжамды жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Қазақстанның жазық өзендерінде көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеулер деректері негізінде жасалдған.

"Қазгидромет" РМК өңдеген NASA спутниктерінің ЖҚЗ (Жерді қашықтықтан зондтау) суреттеріне сүйенсек, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның қарлы аумағы 72% болды.

"Жауын-шашынның мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді", – делінген хабарламада.

Қауіп жоғары аймақтар: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстары.

Орташа қауіпті: Павлодар, Атырау және Ұлытау облыстары.

Қаупі төмен өңірлер: Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары.

"Қарағанды (Нұра өзенін қоспағанда), Ұлытау, Ақмола (Жабай өзенін қоспағанда), Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы ылғал қорының көлемі орташа көпжылдық мәндерден 13-44%-ға төмен. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орташа көпжылдық мәннен 37%-ға және 74%-ға жоғары", – дейді "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта қар жинау процесі жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға