Жаңалықтар

Қазақстан халқының 56%-дан астамы КВИ-ға қарсы вакцинация алды – министр

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндады
Қазақстан халқының 56%-дан астамы КВИ-ға қарсы вакцинация алды – министр
Фото: El.KZ 04.08.2022 16:05 654

Бүгінгі күні егілуге тиісті ересек тұрғындардың 80%-дан астамы немесе еліміздің барлық халқының 56%-дан астамы КВИ-ға қарсы вакцинация алды, – деп хабарлайды EL.kz.

 Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндады.

– Республикада халықты ревакцинациялау жалғасып жатыр. Бүгінгі күні ревакцинациямен 5,0 млн. адам қамтылды. Ол егілуге тиісті халықтың 68%-дан астамын құрайды,–деді Денсаулық сақтау министрі.

Министрдің айтуынша бір тәулікте 14 мыңнан астам адам егіліп жатыр.

– Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакцинациялау және ревакцинациялау үшін вакцинаның 3 түрі: QazVac, Sinofarm және Pfizer қолжетімді, барлығы 1 млн 200 мың доза бар. Егу пункттерінде Sinofarm вакцинасының 1,1 млн дозасы, QazVac вакцинасының 85 мың дозасы және Pfizer вакцинасының 29 мың дозасы бар,– деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрі вакцинаны тұтыну қарқынын ескере отырып, иммундық-профилактиканы қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың соңына дейін 500 мың доза көлемінде QazVac вакцинасын және 300 мың доза көлемінде Pfizer вакцинасын қосымша сатып алу жоспарланып жатқанын айтты.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға