Жаңалықтар

Еліміздегі ТОП-20 туристік аймақ бекітілді

Еліміздегі ТОП-20 туристік аймақ бекітілді
Фото: ©El.kz 28.02.2024 10:55 413

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жуырда туризмді дамыту саласындағы 2023 жылғы қызмет қорытындылары мен 2024 жылға арналған басым міндеттер туралы алқа отырысында Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басым аумақтардың тізімі 10-нан ТОП-20-ға дейін кеңейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандағы ТОП-20 басым туристік аймақтың толық тізімі мынадай:

Хан Ордасы (БҚО),

Қарғалы су қоймасы (Ақтөбе облысы),

Туристік кешен (Қостанай облысы),

Щучье-Бурабайдағы «Ақбура» курорттық аймағы (Ақмола облысы),

Имантау-Шалқар курорттық аймақтары (СҚО),

Баянауыл (Павлодар облысы),

Катон-Қарағай курорттық аймағы (ШҚО),

Алакөл курорттық аймағы (Абай облысы мен Жетісу облысы),

Түрген-Қаскелең тау кластері (Алматы қаласы мен Алматы облысы),

«Көксай resort» (Жамбыл облысы),

Балқаш (Қарағанды облысы),

Түркістан (Түркістан облысы),

Байқоңыр ғарыш айлағы (Қызылорда облысы),

Ұлытау ауылы (Ұлытау облысы),

Жылы жағажай (Маңғыстау облысы),

Сарайшық қалашығы (Атырау облысы),

Шымкент – гастрономиялық туризм орталығы (Шымкент қаласы) және Туристік аудан (Астана қаласы).

Ішкі туризм ағынының серпінді өсуін ескере отырып, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аталған туристік бағыттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталарын әзірледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға