Жаңалықтар

Еліміздегі сұранысқа ие жаңа мамандықтар

Еліміздегі сұранысқа ие жаңа мамандықтар
Фото: aqzhelken.kazgazeta.kz 08.02.2023 17:10 2147

Дұрыс мамандық таңдай білу – жарқын болашақтың кепілі. Қазіргі таңда көпшілік арасында жиі тараған кәсіптерден бөлек, түрлі саладағы жаңа мамандықтар да пайда болуда. Жастарға жаңа кәсіп түрлері туралы ақпарат беру мақсатында El.kz ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне арнайы сұраныс жіберді.  

Бүгінде еліміздегі жоғары оқу орындары 8118 білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлап жатыр. Оның ішінде 2428-і жаңа, 253-і инновациялық бағдарламалар негізінде білім алуда. Барлығы еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің мамандарға қойылатын талаптарын ескере отырып жасалған.Жаңа оқу бағдарламалары бойынша инженер, құрылысшы, педагог, менеджер, экономист, заңгер сияқты мамандар оқытылу үстінде.

Жалпы білім беру бағдарламалары кәсіптік стандарттар негізінде әзірленеді. Сонымен қатар білім беру бағдарламаларын әзірлеуге «Атамекен» ҰКП, жұмыс берушілер мен оқу-әдістемелік бірлестіктердің міндетті қатысуымен жүргізіледі.

Осылайша кадрларды даярлаудың тиімділігін арттыру және жұмыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру негізінде жоғары оқу орындары жыл  сайын еңбек нарығын талдайды және жаңа мамандықтар мен мамандардың қажеттілігін ескере отырып қайта қарастырады.

Қазіргі таңда еңбек нарығындағы заманауи үрдістерді ескере отырып білім беру бағдарламалары үнемі жаңартылады. Жұмыс берушілер кадрларды даярлауға тартып, жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ендігі кезекте оқырмандардың назарына болашақта пайда болатын жаңа мамандықтар тізімін ұсынамыз:

Тау-кен металлургия кешені

  1. Аналитик-технолог;
  2. Үлкен деректерді өңдеу бойынша аналитик.

Мұнай және газ саласында

  1. Ұшу аппараттарына арналған отын жөніндегі химик;
  2. Көмір өңдеу жөніндегі химик-технолог.

Энергетика саласында

  1. Энергомәдениеттердің агрономы;
  2. Биоэнергетик;
  3. Қалалық модератор;
  4. Жасанды интеллект әзірлеу және енгізу жөніндегі инженер.

Ауыл шаруашылығы саласында

  1. Агрогенетик;
  2. Агроном-экономист;
  3. Синтетикалық биология саласындағы;
  4. Акважүйлердің биотехнолог-микробиологы;
  5. Сандық агроном.

Ақпараттық технологиялар саласында

  1. Кванттық компьютинг талдаушысы;
  2. Экожүйенің АТ сәулетшісі;
  3. Блокчейн-технолог;
  4. Кибер тергеуші.

Туризм саласында

  1. Агротуризм менеджері;
  2. Иммерсивті дизайнер;
  3. Туристік-рекреациялық аймақтарды жобалаушы;
  4. Инновация менеджері (қонақ үй бизнесі).

Көлік және логистика саласында

  1. Баламалы және экокөлік технигі;
  2. Биометриялық бақылау технологы;
  3. Сандық логистикалық карта операторы.

Машина жасау саласында

  1. Нанотехнология саласындағы маман;
  2. 3D –басылымның материалтанушысы;
  3. Кибер қауіпсіздік жөніндегі маман;
  4. Өнеркәсіптік робот техникасының инженер-конструкторы.

Құрылыс саласында

  1. Құрылыстағы реновация жөніндегі маман;
  2. Құрылыс роботтарының операторы;
  3. Құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі инженер-технолог;
  4. Сандық жобалаушы.         

Қазақстанда бүкіл әлемдегі сияқты соңғы жылдары еңбек нарығында IT саласының мамандарына деген сұраныстың күрт өсуі байқалады. Ақпараттық технологиялар адам қызметінің барлық салаларына енгізілген. Кез келген сұраныс ұсынысты тудырады. Осыған байланысты жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын қазіргі талаптарға сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын әзірледі. Әзірлеуге кіріспес бұрын жоғары оқу орындары жұмыс берушілердің пікірі мен сұранысын ескерді.

IT-мамандарға сұраныстың артуына байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді. Қазір университеттер мыңдаған болашақ мамандарды инновациялық бағдарламалар бойынша оқытуда.

Оқу жылының басынан бастап бірқатар жоғары оқу орнында киберқауіпсіздік бойынша білім беру бағдарламалары енгізілді. Жаңа білім беру бағдарламаларын студенттердің өздері де оң бағалайтынын, әзірлеу кезінде практикалық білімге баса назарға алынды. Мысалы IT-бағыттар бойынша білім алушылар арасында «Деректер туралы ғылым» (Data Science), «Бағдарламалық инженерия», «IT-менеджмент», «Smart City технологиялары», «IT-кәсіпкерлік» және тағы да басқа жаңа IT бағдарламалар танымал бола бастады.

2021 жылғы қаңтардан бастап білім беру бағдарламаларының тізіміне жалпы 1550 бағдарлама енгізілген. Оның ішінде 112 инновациялық бағдарламалар бар.

Мәселен соңғы жылы елімізде мұнай-газ секторындағы болжамды талдау, өнеркәсіптік робототехника және автоматтандыру, машина жасау және реверс-инжиниринг, криптология, жоғары технологиялық өндірістерді киберфизикалық автоматтандыру, медиаөнер, рециклинг технологиялары, биоинженерия және геномика, агроөнеркәсіптік кешеніндегі цифрлық технологиялар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс сынды жаңа білім беру бағдарламалары пайда болған.

Білім беру бағдарламаларын әзірлеуде және жаңарту барысында Қазақстандағы жаңа кәсіптер атласы ескеріледі.

Атластың басты мақсаты қазіргі мамандықтарды талдап, өзгеріп және жойылып бара жатқан мамандықтарды ескеріп, өзекті әрі еңбек нарығының болашақ трендтерін, мамандықтар мен дағдыларды айқындау.

Мысалға атлас бойынша аналитик-технолог, үлкен деректерді өңдеу бойынша аналитик, ұшу аппараттарына арналған отын жөніндегі химик, химиялық инжиниринг технологы, көмір өңдеу жөніндегі химик-технолог, биоэнергетик, энергомәдениеттердің агрономы сынды жаңа мамандықтарды атап кетуге болады. Осыған сәйкес жоғары оқу орындары еңбек нарығын талдап, жаңа білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.

Кәсіптер атласы жобасына сәйкес бүгінде экономиканың мынадай 9 саласының атластары құрылды: тау-кен металлургия кешені, Мұнай-газ саласы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, АКТ, энергетика, туризм және құрылыс.

9 сала бойынша 463 кәсіп, оның ішінде 239 жаңа, 95 трансформацияланатын, 129 жойылып бара жатқан кәсіп егжей-тегжейлі сипатталған. Оның ішінде мысалы цифрлық технологиялардың дамуы, яғни автоматтандырудың дамуына байланысты қол еңбек кәсіптер қысқаруда. Атап айтқанда, сметашы, сынама алушы, табельші, кассир, диспетчер сынды мамандықтар бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға