Жаңалықтар

Еліміздегі су қоймаларының қазіргі ахуалы белгілі болды

Еліміздегі су қоймаларының қазіргі ахуалы белгілі болды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі 15.05.2024 20:48 596

Еліміздің аумағында су қоймаларының бүгінгі ахуалы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі уақытта елімізге Ресей Федерациясы аумағынан су келіп жатыр. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 553 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 988 см шамасында болып отыр. Жайық өзенінің деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде. «Қазсушар» мекемесінің жергілікті филиалының мамандары тасқын суын өткізу жұмысын жалғастыруда.

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 94%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды. Астананың қорғаныс бөгетінен Есіл өзеніне тәулігіне 4,32 млн текше метр су жіберіледі.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 85,4%. Аймақта су тасқыны жалғасуда.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасы 59,7%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99,7%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істеп тұр. Өңірде су тасқыны аяқталды.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқыны аяқталды.

Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға