Жаңалықтар

Еліміздегі колонияларда азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу саны 83% қысқарды

Еліміздегі колонияларда азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу саны 83% қысқарды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 15.08.2023 01:12 442

Еліміздегі колонияларда азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу саны 83%-ға қысқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, осы жылы ҚАЖ мекемелерінде азаптау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің саны 41-ден 7-ге дейін, сотталғандардың шағымдарының саны 48-ден 19-ға дейін қысқарды. 2019 жылы бұл көрсеткіш сотқа дейінгі 200 тіркелген тергеуді құрады.

Ведомство өкілдері соңғы жылдары оң динамика байқалғанын атап өтті.

Пенитенциарлық мекемелерде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың нәтижесінде біз ҚАЖ қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы әрекеттерді жоюда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Жағдайды түбегейлі өзгерткен маңызды жаңалықтардың бірі – үздіксіз бейнебақылауды енгізу болды. Бүгінгі таңда 78 пенитенциарлық мекеменің 52-сінде 22 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Мониторинг барысында операторлар арнайы контингент жасаған 8 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Сонымен қатар сотталғандар жасаған қылмыстар саны да 16%-ға қысқарды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға