Жаңалықтар

Еліміздегі колледждердің «ТОП-100» студенті анықталады

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті
Еліміздегі колледждердің «ТОП-100» студенті анықталады
Фото: gov.kz 20.10.2022 12:48 1103

Еліміздегі колледждердің ТОП-100 студентін қазақстандықтар онлайн дауыс беру арқылы таңдай алады, деп хабарлайды El.kz

Байқау жеңімпаздарына сертификаттар мен бағалы сыйлықтар ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушілерден өздері оқып жатқан мамандықтары бойынша жұмысқа шақыру алады.

«Бұл жай ғана байқау емес, талантты жастарды қолдау және жұмысшылардың біліктілігін арттыру. Байқау үш кезеңнен тұрады: ішкі, облыстық және республикалық. Облыстық қорытынды бойынша әр өңір 10 студентті таңдайды, олар одан өтіп, республикалық деңгейде жарысады. Ал одан кейін үздіктердің үздігін отандастарымыз 1-15 қараша аралығында TOP 100 OUTSTANDING KZ TVET STUDENTS жобасының сайтында жалғасатын онлайн дауыс беру арқылы анықтайды. Cайтта қатысушылар туралы барлық ақпарат бар», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының міндетін атқарушы Ернат Жүнісов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға