Жаңалықтар

Еліміздегі ірі қара саны 8,5 миллионнан асты

Еліміздегі ірі қара саны 8,5 миллионнан асты
Фото: АШ министрлігінің баспасөз қызметі 11.06.2023 14:52 753

Елімізде мал мен құс санының өсу қарқыны артып, олардың сапалық көрсеткіштері жақсарды, жануарлардың өнімділігі артты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында жария болды. Қазіргі уақытта еліміз бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі де ұлғайып келеді. 

Қазақстанда мал шаруашылығы саласы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің шамамен 40% құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ірі қара мал басы 8,5 млн басты құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 4,2% - ға артық, қой 4,8%-ға 19,5 млн дейін, жылқы 10,5%-ға 3,8 млн басқа дейін ұлғайды, түйе 6,5%-ға ұлғайып, 259,1 мың басты құрады, құс 4% және 49,8 млн басқа жетті, - деп жазылған министрліктің ресми сайтында. 

Сонымен қатар, білікті кадрлардың арқасында фермерлер еңбек тиімділігін арттыру және саланы техникалық қайта жарақтандыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу жалғасып жатыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға