Ұлттық статистика бюросы Қазақстан бойынша ер-азаматтар ең көп аймақ туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Еліміз бойынша 2023 жылдың басында халық саны 19 766 мың адамды құраса, оның ішінде 9 647 000 ер адамдар.
Қазақстанда 0-14 жас аралығындағы ер балалар саны 3 млн болса, 15-62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 876 мың, ал 63 жастан жоғары зейнеткер саны – 767 мыңға жеткен.
Өңірлер бөлінісінде ерлердің саны көп аймақ Түркістан облысы болып отыр. Бүгінде облыста 1 079 мың еркек кіндік бар. Ал ерлер ең аз өңір Ұлытау облысы, мұндай 108 мың ер-азамат бары ресми тіркелген.
Жұмыспен қамтуға келетін болсақ, ерлердің көпшілігі өнеркәсіп саласында қызмет етеді – 16,8%. Көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу саласында 14%, тағы 14% ауыл, орман және балық шаруашылығында еңбек етіп жүр.
Елімізде ерлердің өмір сүру ұзақтығы – 70,2 жыл шамасыда. Орташа жасы – 30,5 жас. Некеге тұрған ерлердің орташа жасы – 28 жас шамасында.
Еліміздегі ер-азаматтар ең көп аймақ белгілі болды
Оқи отырыңыз
9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады