Жаңалықтар

Еліміздегі әйелдер жайлы қызықты деректер

Еліміздегі әйелдер жайлы қызықты деректер
Фото: El.kz/ Марат Амиров 20.01.2023 13:15 3040

Елімізде ауа-райы жақсарып, аяз кете бастады. Сөзімізді сұлулыққа бұрайық. El порталы оқырмандарымен бірге әдемі де сүйкімді жандармен сыр бөліседі...
Қазақстандағы халық саны бойынша әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда көбірек. Былтырғы желтоқсанда елде 10 106 665 нәзік жандылар тұратыны анықталды, деп жазды El.kz ақпараттық агенттігі.

Олардың 4,2 миллионы Қазақстан бойынша экономиканың түрлі салаларында қызмет етеді. Бұл осы салаларда еңбек ететіндердің 48,3%-ына тең.

Еліміздегі әйелдер жайлы қызықты деректер

Кейінгі жылдары жалдамалы жұмыскерлер санында гендерлік теңдік байқала бастады (50,9% – ерлер, 49,1% – әйелдер), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасында әйелдермен (45,6%) салыстырғанда ерлердің үлесі сәл жоғары – 54,4%.

Еліміздегі әйелдер жайлы қызықты деректер

Еліміздегі 7,4 млн адамның немесе жұмыспен қамтылған халықтың 83,5%-ында жоғары және орта кәсіптік (арнайы) білімі бар. Соның ішінде әйелдердің жалпы білім деңгейі 41,4%-ды құрайды. 
2021 жылғы деректер бойынша әйелдердің орташа айлық атаулы жалақысы 220 160 теңгені, ерлерде – 281 239 теңгені құраған. 
Жағымсыз ақпаратты да айта кетейік. 2000 жылдан бері 375 әйел жазатайым оқиғалар кезінде қаза тапқан. Әйелдердің жазатайым жағдайда қаза табу дерегі Қарағанды облысында көп тіркелген. Бір қызығы, бұл өңірде орташа алғанда әйелдер ерлерге қарағанда 9,2 жас артық өмір сүреді.

Еліміздегі әйелдер жайлы қызықты деректер

Айта кетейік, 2022 жылдың қорытынды статистикалары әлі жарияланбаған. Сондықтан Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы деректерін назарға алдық.



Автор Жанболат Кенжеғұл

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға