Жаңалықтар

Еліміздегі 9 өңірде ауаның ластану көрсеткіші артқан

Олар Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалалары
Еліміздегі 9 өңірде ауаның ластану көрсеткіші артқан
Фото: arbat.media 07.12.2022 14:57 1410

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«Экология мониторинг нәтижелері бойынша  биыл Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалаларындағы ауаның ластану көрсеткіші артқан. Былтыр бұндай көрсеткіш бойынша 10 қала тіркелген. Жыл басында Жезқазғанда да ауаның ластануы жоғары деңгейде болды. Дегенмен бұл көрсеткіш орта деңгейге түскендіктен Жезқазған тізімнен шығарылды», - деді Зұлфұхар Жолдасов.  

Қоршаған ортаның ластануына кез келген цикл әсер етеді. Атап айтқанда, су, мұнай, топырақ, жан-жануарлар. Сондай-ақ, өнеркәсіптік компаниялар да ортаға залалын келтіріп жатады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға