Жаңалықтар

Еліміздегі 410 колледжді кәсіпорындар жарақтандырады – Шолпан Каринова

Еліміздегі 410 колледжді кәсіпорындар жарақтандырады – Шолпан Каринова
Фото: ortcom.kz 31.01.2023 16:06 1282

Еліміздегі 410 колледжді 498 кәсіпорын қамқорлыққа алған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырыс 50 мың орынға артады. Әсіресе, 9 сыныптан соң колледжге түсушілерге мемлекеттік тапсырысты ұлғайту бойынша жұмыстар жасалып жатқанына тоқталды. Сонымен қатар, өзекті мәселелердің бірі әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балаларды тегін білім берумен қамту жүзеге асырылып жатқанын айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлау көбейді. Осыған байланысты 2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға берілетін болады. Басымдық металлургия, IT, құрылыс, инженерия, қызмет көрсету салаларына бағытталатын болады. Қазіргі уақытта техникалық мамандықтар бойынша қабылданған студенттердің үлесі 50 %-ды яғни 61 мың студентті құрап отыр», - деді бірінші вице-министр.

Сондай-ақ, еліміздегі 410 колледжді 498 кәсіпорын қамқорлыққа алғанын атап өтті.

«Қамқорлық көрсететін кәсіпорын өкілдері қамқоршылық кеңестерге кірді, жарақтандыру, студенттерді практикадан, педагогтерді тағылымдамадан өткізуді бастайды. Дуалды оқыту 558 колледжінде енгізіліп, қамтылған студенттер саны 60,4 мыңнан 72 мың адамға дейін ұлғайды», - деді Шолпан Каринова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға