Жаңалықтар

Елімізде жылжымайтын мүлікті тіркеу құны өзгерді

Елімізде жылжымайтын мүлікті тіркеу құны өзгерді
Фото: ©Pixabay.com 16.04.2024 13:09 624

Қазақстанда 16 сәуірден бастап жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу ақысы өсті. Бұдан былай ХҚКО мен нотариустың ақысы да әртүрлі болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, сатып алушы жылжымайтын мүлікті сатып алғаннан кейін меншік құқығын мемлекеттік базада тіркеуі керек. Қызмет ақылы. Тіркеуді ХҚКО арқылы, нотариус пен БНАЖ жүйесі арқылы да өтуге болады. Соның ішінде бұл қызмет түрі жеделдетілген режиммен де көрсетіледі, тек жылдамдық үшін төлем ақысы бөлек болады.

Жаңа мемлекеттік баж салығының мөлшері (ҚҚС есебін қоса алғанда)

Пәтер үшін, жеке тұрғын үй үшін:

— жеке тұлғалар үшін: ХҚКО-да – 1 448 теңге нотариуста — 1 461 теңге.

Гараж үшін:

— ХҚКО-да  — 1 435.02 теңге нотариуста — 1 446 теңге.

Жер телімі үшін:

— ХҚКО-да  — 1 263.04 теңге, нотариуста — 1 259 теңге. 

Кондоминиумды тіркеу:

— ХҚКО-да  — 860 теңге, нотариуста — 3 402 теңге.

Бұған дейін пәтерлерге, үйлерге, гараждарға, учаскелерге құқықтарды тіркеу бірыңғай бағамен жүргізілетін ­– 1 203 теңге.

Кондоминиум нысанын тіркеуге келсек, бұрын оның ақысы 2 404 теңге болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға