Жаңалықтар

Елімізде жыл сайын көліктерде 2 мыңға жуық өрт тіркеледі

Елімізде жыл сайын көліктерде 2 мыңға жуық өрт тіркеледі
Фото: gov.kz 17.11.2023 07:26 460

Жыл сайын орташа есеппен елімізде 2 мыңға жуық өрт болады, олардың ішінде көлік құралдарындағы өрт жиі тіркеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тек 2023 жылдың 10 айында көліктерде  1 811 өрт орын алды.  2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттер саны 14%–ға азайды (2022ж. - 2 118).

Бұл өрттердің негізгі үлесі жеңіл көлікте, бұл 1 392 жағдай немесе көліктегі өрттердің жалпы санының 77%.

Көлік құралдарындағы өрттердің жалпы санының 15-20%-ын құрайды және соңғы жылдары ішінде тұрғын үй секторы объектілерінен кейін жиілігі бойынша тұрақты екінші орынды алады.

Көлік құралдарында өрттердің пайда болуының негізгі себептері:

- автокөлік құралының электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу;

- қолдан жасалған  газ жабдығын орнату;

- отын және электр жүйесінің істен шығуы;

- қозғалтқыштарды ашық от көздерімен жылыту;

- қасақана өртеу.

Көлік құралдарында өрттердің туындауының алдын алу олардың туындау себептерін болдырмауға бағытталуы тиіс. Автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды және қолында жарамды өрт сөндіргішті ұстауды ұсынамыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға