Жаңалықтар

Елімізде жыл сайын 4 мыңға жуық өрт дерегі тіркеледі

Елімізде жыл сайын 4 мыңға жуық өрт дерегі тіркеледі
Фото: © Pixabay.com 16.05.2023 11:31 906

Елімізде жыл сайын дала, орман және халыққа, мүлікке, табиғатқа қауіп төндіретін 4 мыңға жуық өрт дегері тіркеледі. Бұл туралы Үкімет отырысында төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өткен жылы республиканың мемлекеттік орман қорының аумағында 104,5 мың га алқапта 801 орман өрті болған, оның ішінде орманды алқап алаңы 49,9 мың га құрады. Тікелей материалдық шығын мен экологияға зиянын есептемегенде шығын көлемі 20 млрд теңгеден асты, - деді бірінші вице-министр.

Елімізде Қостанай, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, соның ішінде «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығында, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында және «Қатоңқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өрт дерегі жиі тіркелетінін атап өтті.

Орман өрттерінің 801 жағдайының 444 жағдайы немесе 55%-ы найзағай разрядтарынан, 127 жағдай немесе 15%-ы дала өрттерінің мемлекеттік орман қоры жерлеріне ауысқанының нәтижесінде пайда болған, - деп түсіндірді Ибрагим Күлшімбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға