Жаңалықтар

Елімізде жыл сайын 22 мың шала туған бала дүниеге келеді

Елімізде жыл сайын 22 мың шала туған бала дүниеге келеді
Фото: © El.kz 06.12.2023 14:26 1604

Астанада ҚР шала туылу ауыртпалығы мәселесі туралы хабардарлықты арттыруға арналған баспасөз-конференциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда жыл сайын шамамен 22 000 шала туған бала өмірге келеді. Бұл нәрестелер вирустық инфекцияларға, мысалы, РСВ-қа (респираторлық синцитиальды вирус) бейім келеді. ҚР неонаталды көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша стандарттарына сәйкес, мерзімінен бұрын туылған баланың өмірге келген сәттен бастап қорғауға және медициналық көмекке құқығы бар.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс неонатолог маманы Б.Қариннің айтуынша, Қазақстанда шала туу көрсеткіші 5%-ды құрайды.

30 жыл ішінде біз неонаталдық өлім-жітімді бес есе азайттық. 2009 жылдан бастап біз бірінші және екінші деңгейдегі босануға көмектесу мекемелері үшін ең төменгі стандарттарды енгіздік және биыл неонатологиялық көмектің жаңа стандартын әзірледік. Қазір елдің кез-келген аймағында шала туылған нәрестелерге күтім жасау үшін қажетті құрал-жабдықтар бар, ал егер олар болмаған жағдайда, біз баланы ең жақын мекемеге жеткізуді қамтамасыз етеміз, - деп атап өтті ол.

Астана қаласының  штаттан тыс бас пульмонологы Л.Рамазанованың айтуынша, Қазақстанда неонаталдық және нәрестелік өлімінің негізгі себебі шала туудан болады.

Мерзімінен ерте туған сәбилерде асқыну қаупі жоғары, әсіресе РСВ сияқты маусымдық вирустардан туындайдын жағдайларды айта кеткен жөн. РСВ жағдайларының жартысынан көбі асқынған өкпе ауруларының негізгі себебін құрайды, бірақ оның әсері балалардың денсаулығына ғана емес, сонымен қатар елдердің денсаулық сақтау жүйелерінің жүктемесіне де әсер етеді, нәтижесінде ол медициналық-әлеуметтік проблемалар санатына енеді., - деді ол.

Бүгінгі таңда Қазақстанда шала туылған балаларды РСВ-дан қорғау бойынша қол жетімді шаралар бар. Қауіп-қатер тобындағы балаларға педиатр немесе пульмонолог кеселдің басталуына дейін және ауру маусымы кезінде жеке көрсеткіштер бойынша РСВ ауыр ағымының алдын алу үшін пассивті иммундауды тағайындай алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға