Жаңалықтар

Елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам адам қатерлі ісіктен қайтыс болады

Елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам адам қатерлі ісіктен қайтыс болады
Фото: © ОКҚ 12.10.2023 16:00 728

Елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам адам қатерлі ісіктен қайтыс болады. Әсіресе қатерлі ісіктен ер адамдар жиі көз жұмады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, ерте ме, кеш пе, әлемнің әрбір 5-тұрғыны қатерлі ісікке шалдығады. Әрбір 8-ер адам және әрбір 11-әйел осы аурудан қайтыс болады.

Өлім бойынша қатерлі ісік жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейін екінші орында тұр. Бүкіл әлемде қатерлі ісік ауруы тұрақты түрде өсуде. Қазақстанда соңғы 20 жылда онкопатологиямен сырқаттанушылық 25 пайызға артты.  Жыл сайын онкологиялық аурулардың 30 мыңға жуық жаңа жағдайы анықталады. Динамикалық бақылауда 217 мыңнан астам пациент бар және олардың жылдық өсімі шамамен 5 пайызды құрайды. Науқастардың 56 пайызы 18 бен 63 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар, - деді вице-министр.

Ведомство басшысының сөзінше, ер адамдарға қарағанда әйелдер жиі ауырады.

Таралуы бойынша бірінші орында – сүт безі обыры (13%), екінші орында - өкпе обыры (10%), үшінші орында – ішек обыры (9%) тұр. Жыл сайын 5 мың әйелге сүт безі қатерлі ісігінің диагнозы қойылады. Елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам адам қатерлі ісіктен қайтыс болады. Әсіресе қатерлі ісіктен ер адамдар жиі өледі (53%), бұл өлім құрылымымен байланысты. Бірінші орында –  өкпе обыры (16%), екінші орында – асқазан обыры (12%), үшінші орында – ішек обыры (11%), 4-орында – сүт безі обыры (8%) тұр, - деді ол.

Вице-министр темекі шегу өкпе қатерлі ісігінің 90 пайызының себебінен екенін айта кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға