Жаңалықтар

Елімізде жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепте оқу міндеттелмек

Елімізде жүргізуші куәлігін алу үшін автомектепте оқу міндеттелмек
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.04.2024 12:35 342

«Азаматтарға арналған үкімет» Қазақстандағы көлік құралдарын тіркеу және жүргізушілерді оқыту ережелеріне өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұдан былай Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтиханды автомектепті бітіргеннен кейін ғана тапсыруға болады.

А, В, А1 және В1 санаттары бойынша куәлік алуға үміткер жүргізуші кандидаттарын өздігінен оқытуға мүмкіндік беретін тармақтар емтихан тапсыру және жүргізуші куәлігін беру қағидаларынан алынып тасталды, – деп жазылған хабарламада.

Енгізілген жаңашылдықтар көлік құралдарын тіркеу және есепке алу, сондай-ақ жүргізушілерді даярлау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енуінің арқасында мүмкін болды. Бұл әкімшілік процестердің тиімділігін арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қажет.

Өзгерістер «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасы заңының ережелеріне негізделіп, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен әзірленді. Қағидаға барлығы 53 түзету енгізілді.

Түзетулер жария талқылаудан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтті және ІІО мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңес мақұлдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға