Жаңалықтар

Елімізде жұмыртқа мен құс етінің бағасы тағы қымбаттай ма

Елімізде жұмыртқа мен құс етінің бағасы тағы қымбаттай ма
Фото: © Pixabay.com 01.12.2023 10:25 611

Құс фабрикалары мемлекеттен берілетін субсидия бір жылдан бері төленбей келе жатқанын айтты,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.  

Ауыл шаруашылығы министрлігі құс фабрикаларын субсидиялау тәртібі өзгергенін мәлімдеді. Енді өндіріс көлемін ұлғайтатын кәсіпкерлер ғана мемлекеттен қаржылық қолдау ала алады. Осыдан кейін жұмыртқа мен құс еті тағы 20% қымбаттауы мүмкін.

Табысымыздың 70%-ын жем-азық алуға жұмсаймыз. Субсидия алмағандықтан, шығындарымызды қысқартуымыз керек. Ол үшін құстарды сойып сатып, өндіріс көлемін азайтамыз. Сосын жұмыс орындарын азайтамыз. Бағаны да өсіреміз. Елімізде 58 құс фабрикасы бар. Олар елімізді жұмыртқамен 100%, құс етімен 70% қамтып отыр, – дейді құс фабрикасының директоры Александр Прядко.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент сарапшысы Фариза Күнзақова биыл тоғыз айдың ішінде құс фабрикалары 3,7 миллиард дана жұмыртқа шығарғанын, ол ішкі нарыққа жететінін айтты.

Онйың мәлімдеуінше, инвестициялық шығындарды өтейтін инвест субсидия беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға