Жаңалықтар

Елімізде жемқорлық жайлаған сала анықталды

Елімізде жемқорлық жайлаған сала анықталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 23.06.2023 19:39 690

Қазақстанда білім беру саласында жемқорлық әлі де тыйылмай тұр. Бұған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметтері дәлел, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Соңғы үш жылда мемлекет білім беру саласын дамытуға 12,1 трлн теңге бағыттаған, бұл 2021-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің барлық шығыстарының 28% құрайды.

Антикор мәліметінше, 2020 жылдан бастап осы саладағы қылмыстық істер бойынша 143 адам сотталды. Мемлекетке келтірілген залал шамамен 11 млрд теңгені құрады, оның 5,2 млрд теңгесі өтелді.

Тек Жетісу облысында қалалық білім бөлімінің қызметкерлері 2,5 жыл ішінде 4,4 млрд теңгені ұрлаған. Қылмыстық топқа басшы және екі білім беру бухгалтері, сондай-ақ 13 мектеп бухгалтерлері кірді, - делінген мәліметте.

Мұндай қылмыс еліміздің барлық өңірінде анықталған. Солардың ішінде Алматы, Шымкент қалаларында, Қызылорда, Ақтөбе және Алматы облыстарын антирейтингтің көшін бастайды.

Антикор мәліметінше, бюджет ақшасын жымқырудың тұрақты тәсілдері де бар: қызметкерге артық жалақы аудару, мектепте мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға жалақы аудару, тіпті қызметкердің карт-шоттарына жалақы есептеліп, ал төлемдерде басқа тұлғаның тегінің көрсетілуі немесе бір адамға ақша аударымдарын бірнеше рет аудару және ақшаны «өлі жандарға» – туыстары мен жақындарына аудару.

Айта кетерлігі, жымқыру әдістері бір схема арқылы жүзеге асырылады екен. Алдымен бухгалтер төлем құжаттарын ведомстволық есеп жүйелерінен түсіреді. Әрі қарай қажетті түзетулер қолмен енгізіліп, бұрмаланған мәліметтері бар құжаттар кейін төлемге жіберіледі.

Мұндай манипуляциялар мектептің аталған бухгалтерлік есеп жүйелері, Ұлттық білім беру базасы және Қазынашылық-клиент базасы арасындағы интеграцияның болмауына байланысты жүзеге асқан, - делінген мәліметте.

Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында уәкілетті органдар арасында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі «Жол картасына» қол қойылды. Бірақ оның қаншалықты нәтижелі болатынын уақыт көрсетеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға