Еліміздің әрбір өңірінде жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға бағытталған «Жасыл ел» жобасы өз жұмысын бастады. Биыл 33 мыңнан астам жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоба аясында жастар өзінің тұрғылықты жерін көгалдандыруға қатысып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосады. Сонымен қатар, маусымдық жұмыспен қамту және су тасқыны болған аймақтарға көмек көрсету мақсатында «Ауыл» партиясы жанындағы «Ауыл жастары» жастар қанаты құрылыс жасақтарын іске қосты.
Қазіргі уақытта, Солтүстік Қазақстан облысында 40-қа жуық жас табиғи апаттан зардап шеккендерге тұрғын үй салуға қолғабыс етуде.
Жастарды маусымдық жұмыспен қамту жұмыстары бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Өңірлік жастар ресурстық орталықтарына жүгінуге болады.
Айта кетейік, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қызметі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Елімізде «Жасыл ел» еңбек жасағының жазғы маусымы басталды
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?