Жаңалықтар

Елімізде жасөспірімдер арасындағы босану 50 %-ға өскен

Елімізде жасөспірімдер арасындағы босану 50 %-ға өскен
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 16.11.2023 12:24 540

Қазақстандағы жасөспірімдердің жүктілігі мен жасына жетпей ана болу соңғы бірнеше жылда 50,5% көбейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Егер 2017 жылы осылай 3,4 мың бала туса, 2022 жылдың соңына қарай 5,2 мыңға жетті. Пандемияның бірінші жылында күрт көбейді, бірақ ол аяқталғаннан кейін де жағдай жақсарған жоқ.

Қазақстанда қала мен ауыл жасөспірімдерінің туу көрсеткішінде айтарлықтай айырмашылық бар. Мысалы, былтыр ірі елді мекендерде жасөспірімдер арасындағы туу көрсеткіші 15–19 жас аралығындағы 1 мың қыз балаға шаққанда 15,3, ауылдарда 25,9. Бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштер.

Кейбір облыстарда ауылдық жерлердегі жасөспірімдердің туу көрсеткіші республикалық деңгейден жоғары екені байқалады. Мысалы, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында коэффициент 35-тен, Түркістан облысында 30-дан жоғары.

Қазақстанда ерте тұрмысқа шығу қыздар арасында жиі кездеседі. Былтыр 16–19 жас аралығындағы 2,6 мың ұл үйленсе, 17,3 мың қыз отбасын құрған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға