Жаңалықтар

Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы 1 мамырда басталады

Елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы 1 мамырда басталады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 02.04.2024 13:45 341

Үкімет баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасының қашан іске қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы бағдарламаның мақсаттары үшін қазір «Отбасы банкі» 300 миллиард теңге тартуда. Бұл – бағдарламаның жалпы мөлшері. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мөлшерлеме 7%-дан аспайды. 1 мамырда біз бағдарламаның барлық шартын толық жариялаймыз, – деді министр. Шарлапаев.

Министрдің айтуынша, «Отбасы банкі» ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келеді және ипотеканы бөлу тұрғысынан өзін жақсы көрсетті.

Банктің бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыруға және біздің азаматтарымыздың одан да көп бөлігіне өз тұрғын үйлеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін құзыреті жеткілікті деп санаймын, – деді  өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Еске сала кетейік, жақында Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды ұсынған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға