Елімізде түнгі экспресс-маршруттар іске қосылуы мүмкін

Қазақстанның ірі қалаларында туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында әуежайлар мен қала орталығы арасында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқи отырыңыз:
- Голливуд продюсері Джефф Ольм Мемлекеттік рәміздер күніне арналған роликті өз парақшасында бөліскен
- Маңғыстауда қалааралық автобустарға жол ережесін тіркейтін жүйе орнатылды
Туризм және спорт министрінің айтуынша заңсыз такси қызметтері – кең таралған мәселе.
Халықаралық әуежайларда QR-код жүйесі енгізілді. Онда сенімді такси, қонақүйлер, электронды сим-карталар мен туристік нысандар туралы ақпарат көрсетіледі. Әкімдіктер бұл жұмысты тұрақты түрде қадағалап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы керек. Қажет болса, заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту мүмкіндігі де қарастырылуы қажет, - деді министр.
Сондай-ақ ірі халықаралық қалалардағы секілді түнгі уақытта әуежайдан қала орталығына автобус қатынасы жоқ. Бұл мәселені шешу үшін түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылады.
